Астанада "бақыт хатына" 40 миллион теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада "бақыт хатына" 40 миллион теңге бөлінеді

Астананың қоғамдық кеңесі қалалық бюджетке өзгерістер енгізуді мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың қоғамдық кеңесі қалалық бюджетке өзгерістер енгізуді мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Көлік иелерінің жол ережесін жаппай бұзуы салдарынан "Сергек" камералары түсірген әкімшілік айыппұл туралы хаттарды таратуға полиция департаментіне 40 миллион теңге қарастырылды", - дейді экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Расул Оразғұлов. 

Осыған дейін "Сергек" фото-видеотіркеу және видеобақылау жүйелері көмегімен мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 1 миллиард 270 миллион теңге қаржы түскені хабарланды. Бұл жоба жол-көлік оқиғаларының саны 16 пайызға, жол апатынан жаралану 22 пайызға, жол-көлік оқиғасы салдарынан болатын өлімді 54 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді.

2017 жылы тамызда мемлекеттік-жекелей серіктестіктің елордада жобаны іске асыру туралы келісімшартқа қол қойылған. "Сергек" отандық құрылғы, ол нейронды желі технологиясы арқылы жұмыс істейді. 

Айта кетейік, Алматыда да "Сергек" камералары іске қосылды. Сондай-ақ, осы жүйе Шымкентте де пайда болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети