29 қазан 2018 14:47

"Сергек" камералары бюджетке 1 миллиард теңгеден аса пайда түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сергек" фото-видеотіркеу және видеобақылау жүйелері көмегімен мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 1 миллиард 270 миллион теңге қаржы түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік сайтына сілтеме жасап. Бұл жоба жол-көлік оқиғаларының саны 16 пайызға, жол апатынан жаралану 22 пайызға, жол-көлік оқиғасы салдарынан болатын өлімді 54 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді.

Еске салайық, "Астана қаласында фото - бейнетіркеу және бейнебақылау аппараттық-бағдарламалық кешенді құру және пайдалану" жобасы 2017 жылы Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасы мен "Астана Innovations" АҚ және "Көркем Телеком" ЖШС-нің арасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын іске асыру туралы келісімшарт аясында жүзеге асқан.

Жоба МЖӘ аясында жүзеге асқан және еліміз бойынша ақпараттық технология мен қауіпсіздік бағытында жасалған алғашқы келісімшарт. "Сергек" Назарбаев Университетінің ғалымдарын тарта отырып жасалған толығымен өзіміздің жүйе, оның негізіне машиналық оқыту желілерінің нейронды технологиясы қолданған. МЖӘ жобасын іске асырудың нәтижесі қозғалыс ағынының мониторинг сапасын арттыру, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар есебінен жергілікті бюджетті толықтыру.

Жоба аясында 13 мың камера қою және интеграциялау көзделген, оның ішінде 6 мың камера қала көшелеріне (400 қиылыс пен 300 желілік учаске) 4 мың камера адамдар көп жиналатын орындарға, сауда ойын-сауық және бизнес орталықтарында орнатылған 3 мың сыртқы камераны интеграциялау белгіленген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети