08 ақпан 2019 | 09:44

Астанада болған қайғылы жағдай қандай проблемалардың бар екенін көрсетті?

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар"  телеарнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасына берген сұхбатында Астанада өрт салдарынан қайтыс болған бес қыздың қазасы қандай проблемалардың ашып бергені жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Хабар"  телеарнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасына берген сұхбатында Астанада өрт салдарынан қайтыс болған бес қыздың қазасы қандай проблемалардың ашып бергені жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламада министрден Астанада болған жағдайдан кейін үкімет қандай іс-шаралар жасайтыны туралы сұралды. "Ол аналарды қолдайтын әртүрлі іс-шаралар мен тұрғын үйлердің қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері", - деді жүргізуші сұрағын толықтырып.

"Шынымен, қайғылы жағдай болды. Президент қаза болған қыздардың ата-анасына көңіл білдірді. Оған қоса, осындай жағдайлар қайталанбауы үшін бірқатар тапсырма берді. Кеше ғана еліміздегі халықтың табысы мен өмір сапасын көтеру үшін жұмыс тобы құрылды. Оның ішінде көпбалалы отбасылардың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсаты тұр. Жұмыс тобын Ерболат Асқарбекұлы Досаев басқарады. Бұл құрылған жұмыс тобын Президент өз бақылауына алды. Құрылған топ аналардың әлеуметтік жағдайын көтеруге септігін тигізетініне өз басым сенімдімін", - деді Абаев.

Астанада өрттен қаза тапқан қыздар ақтық сапарға аттанды

Еске салайық, 4 ақпанда Астанада жекеменшік лашықтағы өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Өрт шағын баспанада болған, отбасы осы үйде төрт жыл бойы тұрып келген. 

Астанада болған төтенше жағдайдың хронологиясы

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети