13 наурыз 2023 13:10

Астанада бір жерде және бір уақытта 3 жол апаты болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Астанада бірнеше көліктің қатысуымен болған жол апатының видеосы тарады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі жолдың бір бөлігінде бір мезетте үш соқтығыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Астанада бірнеше көліктің қатысуымен болған жол апатының видеосы тарады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі жолдың бір бөлігінде бір мезетте үш соқтығыс болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл 12 наурызда сағат 22:31 шамасында Toyota Avensis маркалы автокөліктің жүргізушісі Мәңгілік Ел даңғылымен Сығанақ көшесіне қарай кетіп бара жатқан жолда рульді басқара алмай Toyota Corolla көлігімен соқтығысқан.

Осыдан кейін тағы екі жол апаты болған, онда Lexus NX200 және Nissan Primera көліктерінің жүргізушілері сол бағытта Hyundai Accent-пен соқтығысуға жол берген.

Полиция тағы бір көлікке зақым келгенін атап өтті. Жүргізушіге полицейлер мен басқа да апаттарға қатысушылар тарапынан шағымдар болмағандықтан, ол апат орнынан кетті.

Жол апатынан зардап шеккендер жоқ.

Toyota Avensis, Lexus NX200 және Nissan Primera жүргізушілеріне қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

"Азаматтарды жолдарда өте мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети