28 желтоқсан 2023 11:54

Астанада дәмхана есігін қасақана бүлдірген курьер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Астанада дәмхана есігін қасақана бүлдірген курьер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Астанада дәмхана есігін қасақана бүлдірген курьер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұзақы жеткізілген тапсырысты қабылдамағаны үшін кофехананың әйнек есігін бірнеше рет тепкілеп, айтарлықтай зақым келтіріп кеткен. Осы дерек бойынша учаскелік полиция инспекторлары масаң күйде болған 23 жастағы елорда тұрғынын анықтаған.

Бұзақының өрескел әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалды", - делінген хабарламада.

Оған қатысты ӘҚБтК-нің 147-1 бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік қарастырылып, жиналған материал шешім қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған.

"Алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 440-бабымен хаттама толтырылған".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети