НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУ. 19 НАУРЫЗ

Астанада дәрігерлер Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың жағдайын айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Facebook © Facebook

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізілген алты жасар қыздың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне орталықтың дәрігерлері хабарлады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізілген алты жасар қыздың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне орталықтың дәрігерлері хабарлады. 

2016 жылдың 27 тамызында облыстық балалар ауруханасынан Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығындағы балалардың анестезиология мен жансақтау бөліміне 2010 жылы дүниеге келген қыз жеткізілді. 

Анестезиолог-жансақтау бөлімінің дәрігерлері мен Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының нефрологы Санитарлық авиация республикалық орталығымен біріге отырып, қызды тексеріп, клиниканың басшылығымен науқас қызды Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына ауыстырған болатын.

"Қазір қыздың жағдайы аса ауыр, коматоз күйде жатыр. Оның өкпесіне аппарат қосылды. Интенсивті терапия алып жатыр", - деді Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, невролог, гинеколог, пульмонолог, көз дәрігері, нефролог, эндокринолог, хирург қыздың жағдайын қарап, кеңес берген болатын. Қазіргі уақытта зертханалық зерртеулер мен қосымша диагностикалық сараптамалар тағайындалды. 

Еске салайық, Ақтауда 20 тамызда № 1 ықшамауданда 6 жасар қыз жоғалып кеткен болатын. Ал 22 тамызда 6 жасар қыздың зорлануы дерегі бойынша тергеу басталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 500.67  course up  546.52  course up  6.04  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer