Астанада дәрігерлер тағы бір баланың менингококк инфекциясын жұқтырғанын растады

© t-l.ru

6 маусымда?ы жа?дай бойынша Астананы? балалар ж??палы ауруханасында менингитпен екі бала жатыр. Б?л туралы аурухананы? бас д?рігері С?уле Н?рашева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

6 маусымдағы жағдай бойынша Астананың балалар жұқпалы ауруханасында менингитпен екі бала жатыр. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Сәуле Нұрашева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауруханаға 29 мамырда түскен бірінші баланың жағдайы жақсы, бала анасымен, қажетті ем алып жатыр. Ал 4 маусымда түскен балаға диагноз қойылды: менингококк инфекциясы. Жағдайы тұрақты, ем алып жатыр", - деді дәрігер.

Еске сала кетейік, 4 маусымда Астанада екі жасар бала менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған болатын. "Ұл бала, 2 жыл 1 айлық, менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті. Сараптама нәтижелерін күтіп отырмыз. Денесінде бөртпелер жоқ, бірақ жансақтау бөлімінде жатыр", - деген еді дәрігер.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде 13 адам менингококк инфекциясынан қайтыс болды.

Мұның алдында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясына байланысты карантин жарияланбайтынын айтқан еді.

Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама