"Карантин жариялаудың қажеті жоқ": Біртанов елдегі менингококк жайлы

04 Маусым 2018, 12:20
0
© primeminister.kz
© primeminister.kz

Қазақстанда менингококк инфекциясына байланысты карантин жарияланбайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз менингококк инфекциясын жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың санын жасырмаймыз. Қазір карантин жариялаудың қажеті жоқ. (...) Қазақстандықтардан дәрігерлер айтқан кеңестерді тыңдауларын сұраймыз", - деді Біртанов.

Сондай-ақ, министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, өзінің балаларын менингококк инфекциясынан вакцинацияламағанын айтып өтті.

Осыған дейін министр Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясынан 12 адамның қайтыс болғанын мәлімдеген еді.

Еске сала кетейік, кеше, 3 маусымда Алматы облысында 19 жастағы қыздың менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, бүгін Қызылордада 27 жастағы ер адамның менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны айтылды.
Менингит несімен қауіпті және одан қалай қорғану керек?

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай