03 маусым 2018 15:21

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© voxpopuli.kz © voxpopuli.kz

Алматы облысында 19 жастағы қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер бұл ақпаратты растады.


Алматы облысында 19 жастағы қыз менингококк инфекциясынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілер бұл ақпаратты растады.

"19 жастағы қыз. Ол Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болды. Ол кеше, таңертең сағат 07.25-те түскен, екі сағаттан кейін көз жұмды", - деді департамент басшысы Ерғали Сыдыманов.

Оның айтуынша, қыздың қайтыс болуына оның дәрігерге кеш баруы себеп болған. "Ол 1 маусымда ауырған, кейін фельдшерді шақырып, жедел жәрдем оны алып келді", - деді Сыдыманов.

Алматы облысы бойынша ҚДСД басшысының айтуынша, қыз жақында көз жұмған бес жасар баламен таныс болыпты.

"Ол қайтыс болған бес жасар баланың ағасының құрбысы екен. Олар кездесіп, балабақшадан бірге алып қайтып жүрген болуы мүмкін. Бала Талғар ауданында тіркелген, бірақ Алматыдағы балабақшаға барған. Олардың Алматыда тағы бір пәтері бар. Біздің ойымызша, дүйсенбіден жұмаға дейін ол Алматы қаласында болған, ал сенбі және жексенбі күндері баланы Талғарға әкетіп отырған болуы мүмкін", - деді департамент басшысы.

Сыдымановтың хабарлауынша, облыста үш адам менингококк инфекциясынан көз жұмған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 5 жасар бала менингококк инфекциясынан қайтыс болды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети