04 маусым 2018 10:19

Қызылордада 27 жастағы ер адам менингококк инфекциясынан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© t-l.ru © t-l.ru

Қызылордада аудандық ауруханада 4 маусымға қараған түні 27 жастағы ер адам менингококк инфекциясынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылордада аудандық ауруханада 4 маусымға қараған түні 27 жастағы ер адам менингококк инфекциясынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен аптада Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғынынан менингококк инфекциясы анықталған. Ер адамды жедел түрде аудандық ауруханаға жеткізілген. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланған. Бірақ, өкінішке қарай, ер адамды құтқарып қалу мүмкін болмаған. Ол жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Осы дерек бойынша Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері арнайы штаб құрды. Мамандар менигококк инфекциясын алдын алу мақсатында оқиға болған жерде жұмыс істеп жатыр. Аудандық аурухананың қызметкерлері де профилактикалық жұмыстарды бастады.

Еске сала кетейік, кеше, 3 маусымда Алматы облысында 19 жастағы қыздың менингококк инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети