24 қыркүйек 2014 17:34

Астанада Эбола безгегі мен басқа да вирустардың қауіп-қатері талқыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото sobesednik.ru сайтынан алынды Фото sobesednik.ru сайтынан алынды

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңестің "Орталық Азиядағы эпидемиологиялық жағдай" тақырыбымен өткен отырысында Эбола безгегі мен басқа да вирустардың қауіп-қатері талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңестің "Орталық Азиядағы эпидемиологиялық жағдай" тақырыбымен өткен отырысында Эбола безгегі мен басқа да вирустардың қауіп-қатері талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сарапшылар Орталық Азияда санитарлық-эпидемиологиялық тәуекелдің өсуіне байланысты алаңдаушылығын білдірді. Жаңа инфекциялық аурулар мен вирустардың (Эбола безгегі, қызылша эпидемиясы, туберкулез, оба және басқалар) тарауы Қазақстан халқының денсаулығына және экономикалық тұрақтылығына қатер төндіретіндігі аталып өтті", - делінген хабарламада. 

Отырысқа мемлекеттік органдардың жетекшілері, санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтердің басшылары, сондай-ақ бейінді қазақстандық ғылыми-зерттеу институттардың сарапшылары қатысты.

Талқылау барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков сырттан келетін және ішкі эпидемиологиялық қауіп-қатерлердің өсуі жағдайында Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігін күшейту мақсатында профилактикалық және алдын алу шараларын уақтылы қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтерін дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ бұл саладағы халықаралық ынтымақтастықтың болашағы пысықталды.

Жақсыбеков мемлекеттік саясатты күшейту, ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтердің инфрақұрылымын жаңарту, азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз етуде ведомствоаралық ынтымақтастық механизмдерін жетілдіру қажеттілігін атап өтті.

Жұмыстың қорытындысы бойынша Сарапшылық кеңес тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. Мәселе Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысына шығарылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети