Астанада екі жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізуші 5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада екі жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізуші 5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сотталушы мас күйде Lada 21901 көлігімен Қабанбай батыр даңғылымен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына бара жатқан кезде "Авиатор" аялдамасының маңында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен", - деп хабарлады Астана сотындағылар.
Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы биыл 10 тамызда болған еді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан болатын. Жаяу жүргіншілерді қаққан Lada 21901 маркалы автомобилі артынша жарықтандыру бағанға соғысқан.