24 наурыз 2018 12:08

Астанада ер адам көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кеткісі келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gorodnews.ru © gorodnews.ru

Астанада ер адам көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық ұлан жауынгерлері өз өмірін қиюға бел буған азаматты құтқарып қалды.


Астанада ер адам көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық ұлан жауынгерлері өз өмірін қиюға бел буған азаматты құтқарып қалды.

Оқиға 2018 жылдың 18 сәуірінде кешкі сағат 20.15 шамасында Сарыарқа ауданы Кенесары көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің бірінде болған. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзетіп жүрген 5573 әскери бөлімінің жасағы 44-үйдегі «Лондон» мейрамханасының шатырынан секіргелі тұрған ер азаматты байқайды. Жасақ бастығы Нұрболат Мұхиденұлы рация арқылы патрульдік топ бастығына мән-жайды баяндап, қасындағы патрульдер Эльдар Искалиев және Әлішер Манарбекұлымен бірге дереу шатырға көтеріледі.

Төменге жиылған жұрт әлгі азаматты райынан қайтуға көндіріп тұрғанда, ұландар арт жағынан ақырын жақындап барады. Олдарды байқап қап секіруге ұмтылғанмен, патрульдік топ бастығы Ғазиз Тұрсынбаев ұстап үлгереді. Азамат сонда да әрекетін аяқтау үшін сырт киімін шешуге оқталады. Алайда, сарбаздар шапшаң қимылдап, оны қолтығынан сүйреп кері тартып алады.

"Шатырға шығарғанда сол қолынан қан байқадық, секірмес бұрын тамырын да кеспек болғанға ұқсайды. Әрі ішімдік ішіп алған екен", - дейді сарбаздың бірі. Ұландықтар оқиға орнына жедел жәрдем шақырады.

Куәгерлердің айтуынша, оқиғаға дейін тұрғынүй пәтерлерінің бірінде осы азамат пен таныс келіншек арасында жанжал болған. Алайда, әйел татуласуға ниет білдірмеген. Ашудың әрі мастықтың күшімен өмірімен қоштасамын деп қорқытады. Дегенмен, қырағы әрі епті сарбаздардың арқасында ола аман қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети