21 маусым 2017 13:41

Астанада фонтан суымен ыдыс жуған сатушы әйел жалған құжатпен жұмыс істеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада фонтан суымен қасық жуған сатушы әйел жалған құжатпен жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшының орынбасары Руслан Ыдырысовқа сілтеме жасап.

Астана орталығында сатушы әйелдің балмұздақ қасығын фонтан суымен жуғаны түсірілген видеоны таяуда әлеуметтік желіде қолданушы Тимур Оразақов жарияланған. Видео аз уақыттың ішінде жиырма мыңнан аса қаралым жинап, қолданушылар әйелдің бұл әрекетін сөкті. 

"Тексерістен кейін әйелдің жалған құжатпен жұмыс істегені белгілі болды. Ол ұсынған құжаттар басқа кәсіпкерге тиесілі. Алайда, осы бизнесменмен хабарласқанымызда ол бұл сауда нүктесіне ешқандай да қатысы жоқ екенін айтты. Ол Нұржол гүлзарындағы сауда орнында кімдердің жұмыс істегенін білмейтін де болып шықты", - деді Ыдырысов.

Осы оқиғадан кейін елордада сауда орындарында алдын алу рейдтері жүргізіліпті.

Ал Республикалық қоғамдық денсаулықты сақтау жөніндегі комитет өкілдері азаматтарды күмәнді сауда орындарынан азық-түлік сатып алмауға шақырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети