11 шілде 2023 08:41

Астанада жаңа тұрғын үй кешеніне қатысты дау шықты: тұрғындар шағымын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: КТК кадры Фото: КТК кадры

Астанадағы жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғындары үйлері орталық кәріз жүйесіне қосылмағанын, оның орнына кәдімгі құдыққа құйылатынын, оның сасық иісі ауданға тарап жатқанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Астанадағы жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғындары үйлері орталық кәріз жүйесіне қосылмағанын, оның орнына кәдімгі құдыққа құйылатынын, оның сасық иісі ауданға тарап жатқанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"1 шілдеде біз тұрғын үй кешені орталық кәріз жүйесіне қосылмағанын білдік. Бізге осындай кәріз құдығын "сыйға" тартыпты. Екі үй - 600-ге жуық пәтер. Құрылыс салушыға хабарланып, олар былай жауап берді: "Бұл біздің проблема емес, өздеріңіз шешіңіздер", - дейді МИҚ төрайымы Сабира Қасымова.

Құдық тез толады, дейді жергілікті тұрғындар. Содан жертөлелерде және пәтерлерде жаман иіс шығады.

Жақында үйге қызмет көрсеткен құрылыс салушының сервистік компаниясы тұрғындарға барлығы ескертілгенін, енді оны МИҚ реттейтінін айтады.

Құрылыс салушы компания мәліметінше, мәселе мынада, бұл ауданда орталық кәріз коллекторы енді ғана салынып жатыр, сондықтан әзірге олар өз күштерімен шешуді ұйғарған. Енді олар арық ұңғымасын пайдалану шығындарын тұрғындармен бөлісуді ұсынып отыр.

"Септик емес, жалпы кәріз бар. Біз өз кезегінде төлеуге, бірлесіп қызмет көрсетуге дайын екенімізді айттық, бірақ бұл үшін үштік шарт жасасуымыз керек", - деді құрылыс салушының өкілі.

Телеарна журналисінің айтуынша, оқиға орнына келген әкімдік өкілдері жағдайды анықтап, шешуге көмектесе алмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети