13 шілде 2016 14:01

Астанада жемқорлық деңгейі ең жоғары құрылымдар белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz иллюстрациясы © Tengrinews.kz иллюстрациясы

Астанада жемқорлық деңгейі ең жоғары құрылымдар белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада жемқорлық деңгейі ең жоғары құрылымдар белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада қалалық әкімдіктегі сыбайлас жемқорлықпен күресудің қазіргі жағдайы туралы кеңес болып өтті. Жиынға қалалық мәслихаттың депутаттары, басқармалардың басшылары мен әкімдіктің коммуналдық кәсіпорындары, мектептердің, коллледждердің және балабақшалардың директорлары, сонымен қатар әкімнің орынбасары Андрей Лукин мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев қатысты.

Сонымен қатар, жиын барысында басқармалар мен әкімдіктің ведомстволық кәсіпорындарындағы жемқорлықпен күресу мәселелері қозғалды. 

"Құқықтық статистика органдарының мәліметінше, ішкі істер органдары, жергілікті полиция қызметі, сонымен қатар мемлекеттік кірістер органдары жемқорлық деңгейі ең жоғары құрылымдар болып танылды. Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру саласында да жемқорлық деңгейі жоғары", -  делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, Астанада ең көп тараған қылмыстық жемқорлықтың түрлеріне өкілеттік қызметті асыра пайдалану, алаяқтық және парақорлық жатады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети