Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада жол қозғалысында қоғамдық көлікке басымдық берілді

11 Тамыз 2015, 12:27
0
Астанада жол қозғалысында қоғамдық көлікке басымдық берілді. © Tengrinews.kz
Астанада жол қозғалысында қоғамдық көлікке басымдық берілді. © Tengrinews.kz

Астанада жол қозғалысында қоғамдық көлікке басымдық берілді. Шенеуніктер астаналықтарға автобустарға арналған жолақтың қажеттілігінің неде екенін түсіндірді және бұдан былай көліктер көбейе беретін болса Астананың үлкен проблемаларға тап болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Автобустарға арналған жолақтың пайда болуына байланысты Астана әкімдігінің ресми сайтына азаматтардан хаттар келіп түсіп жатыр.

"Бауыржан Момышұлы даңғылында Абылай хан даңғылынан Сарайшық көшесіне дейінгі аумақта қарбаласта үлкен кептелістер пайда болады. Таяуда автобустарға арналған жолақ енгізілді. Жазда кептеліс айтарлықтай сезілмейді, бірақ күзде және көктемде өту мүмкін емес, солтүстік жағалаудағы әкімшілік орталыққа бару үшін таңғы 6.30-да тұруға мәжбүр болдық. Бірақ арнайы жолақта бір-екі автобус үш минут ішінде жүреді. Бұл жерде арнайы жолақтың қажеттілігі бар ма?", - деп сұрады адамдар жергілікті биліктен.

Астананың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Астанадағы автобустарға арналған жолақтың не үшін қажет болғаны жайлы толыққанды жауап берді. 

"Қазіргі уақытта қалада шамамен 300 мың көлік құралы бар. Оның үстіне Астанада жеңіл көліктердің саны жыл сайын 15-20 мың данаға көбейіп жатыр. Осылайша, алдағы бірнеше жылда көлік кептелісі пайда болады деген қауіп бар. Сонымен қатар, Астана халқының үштен бір бөлігі күн сайын қоғамдық көлікті пайдаланады. Осыған байланысты қоғамдық көліктерге көше желісінде басымдық беру туралы шешім шығарылды", - делінген шенеуніктердің жауабында.

Басқармадағылар бағыттық жолаушылар көлігіне арналған жолақтар әлемдік тәжірибеде кең қолданысқа екендігіне назар аударды, "себебі (метрополитенге, трамвайға, жеңіл рельсті көліктерге қарағанда) айтарлықтай қаржылай шығынсыз-ақ адамдарды көп мөлшерде тасымалдауға мүмкіндік береді.  

"Автобустарға арналған жолақтарды енгізу жол жүруге кететін уақытты азайтуға, сонымен қатар, автобустардың қозғалыс кестесі мен графигін сақтауға мүмкіндік береді. Мұнымен қатар, бұл жаңашылдық автобустардың қозғалыс жылдамдығын 20 пайызға көбейтеді", - деді мемлекеттік органдағылар.

Еске салайық, Алматыда арнайы жолақ Абай даңғылының бойында Момышұлы көшесінен Достық даңғылына дейін сызылды. 2015 жылдың 15 маусымынан бері арнайы жолақпен жүрген жеңіл автокөліктерге айыппұл салына бастады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай