29 сәуір 2016 16:48

Астанада жұмыссыз тұрғындар жол жөндеу жұмыстарына тартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада қаладағы 100-ден аса жұмыссыз тұрғын жол жөндеу жұмыстарына тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Астанада қаладағы 100-ден аса жұмыссыз тұрғын жол жөндеу жұмыстарына тартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Жұмыссыз жүргендер "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылады. Бүгінгі таңда конкурстық процедуралар жүргізіліп жатыр, ал мамыр айының соңында жөндеу жұмыстарымен айналысатын компаниялар анықталады, содан кейін жұмыс берушілерге жұмысқа мұқтаж азаматтар жіберіледі", - делінген әкімдік хабарламасында.

"Мысалы, "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша жол салуға өткізілген конкурста жеңіске жеткен компания Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен жұмыссыз жүргендердің ішінен жұмыс істеу үшін 50 пайызын қабылдауға міндетті. Азаматтар өз келiсiмін бергенде ғана тиісті жұмыстарға жіберіледі. Содан кейін жұмыс берушілер әңгімелесу кезінде олардың кандидатурасын қарастырады. Жұмысшы мамандықтар бойынша тәжірибенің болуы қажет емес", - деді Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы талдау бөлімінің басшысы Марат Қадырбаев.

Жоспарға сәйкес, жұмыссыз 137 тұрғын Иманбаева, Мұстафин, Отырар, Нәжімеденов көшелерінде және Абылай хан даңғылында ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарына тартылады.

Әкімдіктің мәліметінше, биыл жұмыссыз жүргендердің күшімен елордада 55 нысан жөнделеді, сонымен қатар, жол жөндеу жұмыстары да жүргізіледі, 1133 жұмыс орны құрылады. 

Айта кетейік, Астана қаласының әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, қазіргі кезде елордада 4597 жұмыссыз адам тіркелген, соның ішінде 1998 адам жұмысқа орналастырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети