Астанада Қазақ драма театры қайда салынады

14 Наурыз, 14:10
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астанада жаңа Каздрамтеатр ғимаратының салынатын орны анықталды, - деп хабарлайды Елорда Инфо.

Астанада мемлекет мұқтажы үшін жалпы көлемі алты гектар 47 жер телімін алу жоспарланған. Бұл жерлерде Қаздрамтеатрдың жаңа ғимараты салынады.

Жер учаскелері Астана қаласының Алматы ауданындағы Байтұрсынов және Нәжімеденов көшелерінің арасындағы № 23-15 (жобалық атауы) көшелері аралығында орналасқан. 


© 2gis.kz

Меншік иелері мен жер пайдаланушылар Астана қаласы әкімдігінің қаулысы БАҚ-та жарияланғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелері мен өзге де жылжымайтын мүлік алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылғаны туралы жазбаша хабарлама алады.

Қаулының орындалуы үшін қаржыландыру және жауапкершілік Астана қаласының құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасына жүктелген. Меншік иелері мен жер пайдаланушылар алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама алған сәттен бастап бір ай ішінде Астана әкімдігіне тиісті өтініш беру арқылы келісу рәсімдеріне бастамашылық жасауға құқылы.

Қаулының іске асырылуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмринге жүктелді.

Айта кетейік, Астанада 1991 жылдан бастап Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры жұмыс істейді. Театрдың көркемдік жетекшісі Талғат Теменов.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына Астанадағы Қазақ драма театрының құрылысын қаржыландыруды тапсырылды. Бұл туралы үкіметтің 2019 жылғы 11 наурыздағы № 93 қаулысында хабарланады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай