04 қыркүйек 2015 | 18:17

Астанада "ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттері бензин бағасын көтеруге тырысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астананың жанармай құю бекеттері Қазақстан үкіметінің АИ-92 маркалы бензинінің бағасын реттеуден бас тартқаны туралы мәлімдемесіне бірден жауап қатты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астананың жанармай құю бекеттері Қазақстан үкіметінің АИ-92 маркалы бензинінің бағасын реттеуден бас тартқаны туралы мәлімдемесіне бірден жауап қатты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада өткен брифинг барысында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның еркін ауытқу бағамына өтуіне байланысты үкіметтің АИ 92/93 маркалы бензинінің бағасын реттеуден бас тарту туралы шешім қабылдағанын айтты.

Сағат 16.00-де басталған брифинг жүріп жатқан кезде "ҚазМұнайГаз" жанармай құю бекеттерінде ескі баға тұрды. Бірақ Қазақстан энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда АИ 92/93 бинзинінің литрі 140-150 теңгеге дейін жетуі мүмкін екенін хабарлаған соң жағдай бірден өзгерді.

  

Брифинг аяқтала сала таблодағы баға көрсеткіштері бірден өзгерді. Енді ол жерде АИ-92 маркалы бензинінің литрі - 130 теңге (22 теңгеге қымбаттады), ал АИ-95 - 150 теңге (21 теңгеге), АИ-98 маркалы бензині - 160 теңге (18 теңгеге).

Алайда бірнеше минуттан кейін баға бұрынғы қалпына келді. ЖҚБ операторы басшылықтың жоқ екенін айтып, түсінік беруден бас тартты. Сонымен қатар, ЖҚБ қызметкерлері бағаның көтерілгенін жоққа шығарды.

Айта кетейік, Қазақстанда АИ-80 маркалы бензині мен дизель отынының бағасы көтерілмейді. Бұл туралы Астанада өткен брифинг барысында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети