Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Астанада күл-қоқыс жәшігінен нәресте табылды

11 Сәуір 2014, 12:20
0
©РИА Новости
©РИА Новости

Сәуірдің 10-ына қараған түні астаналық ерлі-зайыптылар үйге қайтар жолда күл-қоқыс жәшіктерінің бірінен нәресте қыз баланы тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Олар күл-қоқыс жәшіктері жақтан баланың жылаған дауысын естіген. Жақындап келіп қараса, сол жәшіктердің біреуінде орамал мен пакетке оранған нәресте қыз бала жатыр. Олар дереу хабар беріп, сол жерге жедел медициналық жәрдем мамандары келіп жетті. Алғашқы медициналық көмектен кейін сәби емханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, нәресте 2-3 сағат бұрын дүниеге келген", - делінген ресми хабарламада. 

Бүгінде полиция қызметкерлері нәрестенің анасын да тауып үлгерді. Ол 1998 жылы туған Атырау облысының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Еске салайық, мұның алдында осындай оқиға Алматыда болған еді. Зейнеткер қоқыс арасынан картон қорапқа салынған ұл баланы тауып алған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай