Астанада күн салқындайды, Алматыда нөсер жауын жауады: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада күн салқындайды, Алматыда нөсер жауын жауады: алдағы күндері ауа райы қандай болады? Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде – 28, 29 және 30 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астанада

28 маусымда күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркіреп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батысқа қарай ауысатын оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.

29 маусымда күн бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус, күндіз 26-28 градус жылы болады.

30 маусымда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 23-25 градус жылы болады.

Алматы

28 маусымда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін аптап ыстық болады.

29 маусымда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін аптап ыстық болады.

30 маусымда күн бұлтты, күндіз жаңбыр, кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +33
Астана +34
Ақтау +31
Ақтөбе +32
Атырау +34
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +34
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +34
П
Павлодар +27
Петропавл +33
С
Семей +37
Т
Талдықорған +38
Тараз +41
Түркістан +29
О
Орал +33
Ө
Өскемен +40
Ш
Шымкент +35

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер