Астанада құрылыста болған төтенше оқиғаның алдын ала себебі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік мамандарына сілтеме жасап.
Астанада құрылыста болған төтенше оқиғаның алдын ала себебі анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік мамандарына сілтеме жасап.
"Жазатайым оқиғаның алдын ала себебі - құрылыс материалдарының дұрыс бекітілмеуі", - деді Астана қаласы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма бастығының орынбасары міндетін атқарушы Қайрат Ысқақов.
Ол көп адам зардап шеккен жазатайым оқиға бойынша мемлекеттік еңбек инспекторының төрағалығымен арнайы комиссия құрылғанын еске салды. "Нысанды тексеру барысында техника қауіпсіздігін өрескел бұзу деректері әшкереленді, соған байланысты мемлекеттік инспектордың нұсқаулығымен құрылыс тоқтатылып, заңсыздықтарды жоюға ұсыныс келтірілді", - дейді Ысқақов.
Еңбек инспекциясы маманының айтуынша, қазіргі уақытта іс материалдары экономикалық сотқа жіберілді. "ЭЛЛИПС КО" ЖШС-нің төрт жұмысшысы әлі күнге дейін ауруханада жатыр.
Еске сала кетейік, 25 сәуір күні сағат 08.57-де Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментіне "Көркем" тұрғын үй кешенінде металл құрастырмалардың құлап кетіп, 18 адамның зардап шеккені туралы хабарлама келіп түскен. Зардап шегушілердің 11-і ауруханаға жеткізілді, жетеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Құрылысқа жауапты "Айбын Құрылыс" компаниясы жарақат алған жұмысшыларға материалдық жәрдем көрсетуге уәде берді. Компания өкілдері құрылыс материалдарының жаңа екенін, сапа сертификаты барын айтты. Ал қалалық прокуратура бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.