Астанада лифтіде балаға жасалған шабуыл: санитарлар жасөспірімді ұрды деп айыпталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры/Астана ПД Видео кадры/Астана ПД

Астанада Полиция департаменті тұрғын үйлердің бірінің лифтінде бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған 14 жастағы жасөспірімге дене жарақатын келтіру дерегін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада Полиция департаменті тұрғын үйлердің бірінің лифтінде бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған 14 жастағы жасөспірімге дене жарақатын келтіру дерегін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін желіде 14 жастағы жасөспірімнің анасы полицияға жүгінгені туралы ақпарат пайда болған, өйткені оның айтуынша, ұлына санитарлар дене жарақатын келтірген.

Полиция Tengrinews.kz тілшісіне бұл ақпарат бойынша тексеру басталғанын хабарлады.

"Кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Аталған факт Алматы ауданының полиция басқармасында тіркелген. Нәтижесі бойынша шешім қабылданады", – деп мәлімдеді полиция.

Өз кезегінде Астананың психикалық денсаулық орталығы жасөспірімнің анасы 102 қызметіне жүгінгеннен кейін аурухана бөлімшесіне полиция қызметкері келгенін хабарлады. Ол кезекші дәрігер мен медбикенің қатысуымен пациентпен әңгімелесу жүргізіп, денесін қарап шыққан. Науқастың денесін фотосуретке түсіру анасының қатысуымен жүргізілді.

"Денені тексеру кезінде пациент көрсеткен жерлерде тері таза, терінің тұтастығы бұзылмаған, гематомалар мен ісіну анықталған жоқ. Әңгімеге науқастың анасы шақырылды, онда полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлері жағдайды түсіндіріп, дене жарақаты туралы деректер табылмағанын хабарлады", - деп хабарлады орталық.

Аталған оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама жүргізілмек, оның нәтижесі қосымша хабарланады.

Еске салайық, 11 ақпанда қазақстандықтарды дүр сілкіндірген оқиға болды: жасөспірім Астанадағы тұрғын үйдің лифтінде бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тараған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.51  course up  572.36  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer