08 шілде 2018 10:52

Астанада МАИ қызметкерінің жол үстінде билеп тұрған сәтінің видеосы пайда болды: Полицейлер пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Астана полициясындағылар жол үстінде билеп тұрған МАИ қызметкерінің видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астана полициясындағылар жол үстінде билеп тұрған МАИ қызметкерінің видеосына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Куәгер жол үстінде билеп тұрған МАИ қызметкерінің видеосын жолдады.

Куәгер жолдаған видео.

Астана ІІД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, ол кезде фильм түсіріліп жатқан. МАИ қызметкерінің ролінде - қазақстандық танымал актер Санжар Мәдиев.

"ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Айдын Сахамановтың "Бақыт биі" атты комедиялық фильмінің эпизоды түсіріліп жатты, ол туынды "Positive" қысқа метрлі кино фестиваліне қатысады. МАИ қызметкерінің басты ролінде - отандық актер Санжар Мәдиев", - деді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

 Видеоны Астана ІІД баспасөз қызметі жолдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети