14 ақпан 2014 19:06

Астанада мемлекеттік нөмірі бірдей 2 көлік ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ашық дерек көзінен алынды Сурет ашық дерек көзінен алынды

Астанада мемлекеттік нөмірі бірдей екі көлік ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл тосын жағдай осы аптада Астанада орын алды. Mazda CX7 көлігінің иесі өз көлігінің көшірмесін көрген, тіпті ол машинаның мемлекеттік нөміріне дейін бірдей. "Осы аптада Астана қаласына Қызылорда облысында тұратын азамат келіп, сол жағалаудан кездейсоқ өзінікі секілді маркасы да, мемлекеттік нөмірі де бірдей машинаны көреді. Жас жігіт аталмыш көліктің қасына тоқтап, қарап жатқанда оны жақын маңда жүрген жол-патрульдік полициясы байқап қалады. Полиция қызметкерлері де егіз көлікті жіті қарап, жедел тергеу тобын шақырған, - дейді баспасөз қызметі. . Баспасөз қызметі мамандарының айтуынша, жедел-тергеушілер аталмыш көлікті айыптұраққа қамаған. Әзірге екінші көліктің иесі табылмады. Жеке тұлғаға қатысты мәліметтер де анықталған жоқ. "Бұл іс Қызылорда облысына сараптамадан өткізуге жіберілді. Көліктің иесіне қатысты мәліметтер іздестірілуде", - дейді қалалық ІІД-і.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети