04 шілде 2016 11:10

Астанада миллионыншы тұрғын дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласының ресми сайты Астана қаласының ресми сайты

Астанада миллионыншы тұрғын дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада миллионыншы тұрғын дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қалаcы №1 перинаталдық орталықта сағат 01.00-де дүниеге қыз келді. Қыздың ата-аналары - №9 "Нұршашу" балабақшасының тәрбиешісі 22 жастағы Арайлым Мұхамедияр мен "Астана-РЭК" электр жабдықтарының маманы Олжас Мұхамедиярдың тұңғышы дүниеге келіп отыр. Айта кетейік, қызға Саида деген есім қойылды.


Астанадағы миллионыншы тұрғын. Асхат Ниязовтың Facebook парақшасындағы суреті

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев жас жұбайларды қыздың дүниеге келуімен құттықтап, пәтердің кілтін табыстады. "Жас жұбайлар ата-аналарымен тұрады. Сондықтан бұл сыйлық олар үшін нағыз тосынсый болды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Айта кетейік, Астанада 18 жылдың ішінде туу көрсеткіші екі есе көбейген. Былтыр Астанада 26 110 нәресте дүниеге келсе, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 13 740 бала дүниеге келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети