13 сәуір 2018 11:16

Астанада мылқау жігіт қоқыстан тауып алған 2,5 миллион теңгенің әшекей бұйымын қайтарып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elorda.info © elorda.info

Астанада зергерлік дүкеннің күзетшісі байқамай қоқысқа тастаған 5 келі күміс бұйымдар табылды. Бұл туралы Елорда Инфо тілшісіне дүкен күзетшісі Жандос Әмірханов телефон арқылы хабарлады.


Астанада зергерлік дүкеннің күзетшісі байқамай қоқысқа тастаған 5 келі күміс бұйымдар табылды. Бұл туралы Елорда Инфо тілшісіне дүкен күзетшісі Жандос Әмірханов телефон арқылы хабарлады.

"Шынымды айтсам, бұл оқиғаның осылай аяқталғанына қуаныштымын. Оқиға былай болды: екі күн бұрын маған бір ер адам қоңырау шалып, осы аумақта (7 Континент) тұрған адам туралы хабарлады. Шамалап мекен-жайын айтты. "Мәскеу" үй кешенінің маңында өз үйі бар деді. Ауызша сипаттап берді: орта бойлы, сақалды ер адам. Бүгін жұмыста отырып жарты сағат бұрын далаға шықтым. Қарасам әлгі сипаттап берген адам келе жатыр. Екі күн бұрынғы қоңырау есіме түсті. Қасына барып сөйлестім", - дейді күзетші.

Оның айтуынша, құны 2,5 миллион теңгенің бұйымдарын тауып алған адам мылқау екен.

"Зергерлік бұйымдардың сонда екенін түсіндім. Ол ертең алып келемін деді. Мен бірден үйіне баруды ұсындым. Өзі мылқау, сөйлей алмайды. Қағазға мекен-жайын жазып берді. Біз үйіне барып, бұйымдарды алдық. Сыйақы ретінде 100 мың теңге бердік. Бұйымның барлығы орнында, біреуіне де тиіспепті", - деді Әмірханов.

Бұған қоса ол екі күн бұрын телефон арқылы күміс бұйымдарды тауып алған азамат туралы ақпарат берген ер азаматқа сыйлық жасамақ ниетте.

"Екі күн бұрын телефон шалып ақпарат берген азаматтың аты - Бекзат. Менде оның нөмірі сақтаулы. Ақшалай сыйлық жасап, алғысымды білдіргім келеді", - деді дүкен күзетшісі. Сондай-ақ жігіт енді қоқыс шығармас бұрын тексеріп отыратынын айтты. "Қоқыс шығаруға қорқатын болдым", - деді ол сөз соңында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети