Астанада наркоорталықта ер адамды өлгенше сабағандарға қатысты сот үкімі шықты

03 Қараша 2017, 11:32
1
Астанада наркоорталықта ер адамды өлгенше сабағандарға қатысты сот үкімі шықты -

Астанадағы Наркология және психотерапия орталығында 29 жастағы ер адамды өлгенше сабағандарға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімді Астананың Алматы аудандық сотының судьясы Убайдулла Қошанов шығарды.

Соттың шешімімен қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған полицияның патрульдік қызметінің сержанты Берік Мырзабеков 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал Наркология орталығының фельдшері Саят Сатын мен осы мекеменің тағы екі қызметкері - Фархат Камбетов пен Сұңғат Темірғалиев ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") айыпты деп танылып, әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, сот сотталушылардан қаза болған ер адамның отбасына материалдық және моральдық шығын ретінде 1 038 280 теңге және 1,5 миллионов теңге өндірілсін деген шешім шығарды.

Кеше ҚР Бас прокуратура өкілдері наркоорталықта ер адамды өлгенше сабағандарға қатысты пікір білдірген болатын.

Сондай-ақ, Наркология және психотерапия орталығының бас дәрігері Ольга Комарова наркоорталықта болған жағаұстатарлық жайтқа қатысты пікір білдірген болатын. 

Наркология және психотерапия орталығының бас дәрігері Tengrinews.kz тілшісіне бұл оқиғаның биыл 15 наурызда мекеме ішінде болғанын растап берді.

"Өкінішке қарай, бұл оқиға айықтырғышта болған, бұл біздің бөлімше. Қызметкерлерді ақтамаймын. Сол уақытта бас дәрігердің міндетін Гауһар Бектаева атқарған. Ол тергеуге көмектесу үшін қолдан келгенін жасады, оның ішінде қызметкерлердің мойындауына қол жеткізіп, оқиғаның видеожазбасын берді. Бұл осы оқиғаны тергеу органдары әділ анықтап, лайықты сот шешімін шығару үшін жасалды. Бұл осының бәрі Интернетте таралып, қызу талқыға түсуі үшін жасалған жоқ", - деген еді бас дәрігер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай