"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 27, 28 және 29 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 27, 28 және 29 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
27 маусымда күн бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +32...+34 градус.
28 маусымда күн бұлтты болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +32...+34 градус.
29 маусымда күн бұлтты болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа, батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +27...+29 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы
27 маусымда күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +22...+24 градус, күндіз +34...+36 градус қатты ыстық болады.
28 маусымда күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +33...+35 градус қатты ыстық болады.
29 маусым күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +23...+25 градус, күндіз +35...+37 градус қатты ыстық болады.
Қазақстанда нөсер жауып, +40 градусқа дейін аптап болады
Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын, жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жауатынын хабарлаған болатын. Сонымен қатар еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында және орталық аймақтарында +38 градусқа дейін, кей жерлерде +40 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.