Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Астанада оқушыны қағып кеткен әйел жүкті болып шықты - ІІД

26 Мамыр 2015, 08:04
0
©Twitter/remnew
©Twitter/remnew

Астанада 12 жастағы оқушыны қағып кеткен жүргізуші жүкті болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

"Иә, шын мәнінде ол жүкті болған - іс бойынша қаралып жатқан күдікті. Үш ай. Оның айырбас картасы бар, айырбас картадан көшірмесі бар, жүктілігі құжат бойынша расталып отыр", - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске сала кетейік, 25 мамырда сағат 12.00 шамасында Астанада соңғы қоңыраудан қайтқан оқушыны көлік қағып кеткені хабарланған болатын. Иманов көшесі бойымен Петров көшесіне бағыт алған Toyota Land Cruiser Қажымұқан көшесімен қиылыста оңға бұрылып жатып, жаяу жүргіншілерге арналған өткелде кәмелет жасына толмаған баланы қағып кетті. Бала оқиға орнында қайтыс болды. 

Бұдан кейін қайтыс болған баланың 2003 жылғы екені анықталды. Жүргізуші болса Астананың 1983 жылы туған тұрғыны. Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркеуге алынды. Қазіргі уақытта 345-бап бойынша "Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян әкелу немесе адам өліміне әкеліп соққан көлік құралдарын пайдаланғаны" үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай