31 желтоқсан 2014 | 16:42

Астанада ондаған әуе рейсі кейінге қалдырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Airastana.com ©Airastana.com

Астанада ондаған әуе рейсі кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада ондаған әуе рейсі кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта, Астана халықаралық әуежайының сайтындағы мәліметке сәйкес, 36 рейс кейінге қалып, 13 рейс кешіктіріліп жатыр.

Мұнымен қатар, Астана әуежайындағы онлайн-таблодағы мәлімет бойынша, Алматыда (2) және Ақтөбеде Bek Air рейстері, SCAT әуе компаниясы, сонымен бірге Алматы, Семей және Атырау рейстері кейінге қалдырылған. Бүгін Мәскеуге Transaero, Алматы мен Франкфуртқа Lufthansa және Минскіге Belavia ұшақтары ұшып кете алмайды. Etihad Air әуе компаниясының Абу-Дабиге ұшып кетуі керек болған екі ұшағы кешіктіріліп жатыр.

Өз компанияларының әуе рейстерінің ұшып кете алмау себебін "Эйр Астана" АҚ корпоративтік байланыс жөніндегі департаментінің өкілдері түсіндірді. "30 желтоқсаннан бүгінге дейін Астана, Алматыдан Қызылордаға және кері бағытта төрт рейс қолайсыз ауа райынан (тұман, көру мүмкіндігінің нашарлығы) кешіктіріліп жатыр. Рейстердің жоспарланып отырған ұшып кету уақыты - 31 желтоқсанда 20.00-де. Мұнымен қатар, Астана - Ақтөбе, Астана - Қостанай рейстері ауа райының құбылмалылығына байланысты кешіктіріліп жатыр", - деді әуетасымалдаушы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда жаңажылдық мереке күндерінде жел тұрып, қар жауатыны хабарланған болатын. Сонымен бірге, таяуда Алматы мен Астанада ондаған рейстің кешіктіріліп жатқаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети