30 желтоқсан 2014 11:46

Жаңа жыл мерекесі күндері қарлы боран соғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Жаңа жыл мерекесінде ауа райы қолайсыз болады, жел күшейіп, қалың қар түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жаңа жыл мерекесінде ауа райы қолайсыз болады, жел күшейіп, қалың қар түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қара теңіздің терең әрі белсенді циклондарының әсерінен Қазақстанда Жаңа жыл мерекесінде қалың қар түсіп, кей өңірлерде боран соғады, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 18-25 метрге дейін жетуі мүмкін", - деп болжайды синоптиктер.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, республиканың оңтүстік және шығыс облыстарында Оңтүстік Каспий циклоны болуы ықтимал, мұнда да қалың қар жауып, боран соғып, жел күшейеді және көктайғақ болуы мүмкін.

"Мерекенің келеңсіздікке айналмауы үшін абай болыңыздар", - деп ескертеді мамандар.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети