Астанада оқушыны қағып өлтірген жүкті әйелге қатысты сот отырысының күні белгіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада оқушыны қағып өлтірген жүкті әйелге қатысты сот отырысының күні белгіленді Оқиға орны. © twitter/Remnew

Астанада оқушыны қағып өлтірген жүкті әйелге қатысты сот отырысының күні белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сотының ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада оқушыны қағып өлтірген жүкті әйелге қатысты сот отырысының күні белгіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сотының ресми сайтына сілтеме жасап.

Астананың Алматы аудандық №2 сотының өндірісінде азаматшаға қатысты қылмыстық іс жатыр, оған ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі - "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану
қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бойынша айып тағылып отыр.

Бұл іске қатысты басты сот талқылауы 2015 жылдың 12 қазанына белгіленді.

Еске сала кетейік, 25 мамырда сағат 12.00 шамасында Астанада соңғы қоңыраудан қайтқан оқушыны көлік қағып кеткені хабарланған болатын. Иманов көшесі бойымен Петров көшесіне бағыт алған Toyota Land Cruiser Қажымұқан көшесімен қиылыста оңға бұрылып жатып, жаяу жүргіншілерге арналған өткелде кәмелет жасына толмаған баланы қағып кетті. Бала оқиға орнында қайтыс болды. Кейін көлік құралын жүкті әйелдің басқарғаны анықталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети