05 маусым 2015 17:26

Астанада өртелген мұғалімнің төрт баласын оның әпкесі асырап алатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© changeonelife.ru © changeonelife.ru

Астанада өртелген мұғалімнің балаларын оның әпкесі өз қамқорлығына алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астана Білім басқармасының қамқорлыққа және қамқоршылыққа алу бөліміндегілер хабарлады.


Астанада өртелген мұғалімнің балаларын оның әпкесі өз қамқорлығына алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астана Білім басқармасының қамқорлыққа және қамқоршылыққа алу бөліміндегілер хабарлады.

"Бізге №25 орта мектептен өтініш келіп түсті, онда Сәдуованың балаларының ата-ана қамқорлығынсыз қалғаны жазылған. Оның төрт баласы бар. Біреуі кәмелет жасқа толған, ал қалған үшеуі толмаған. Біреуі №25 мектепте оқиды, 2001 жылғы, екеуі 2007 және 2010 жылғы балалар. Бізге мұғалімнің әпкесі көмек сұрап барғаны туралы өтініш келіп түсті. Ол отбасымен сөйлесіп, балаларды өз қамқорлығына алуға ниет білдірді, ол қайтыс болған Айгүл Қалімжанқызының туған әпкесі, ол Солтүстік Қазақстан облысында тұрады. Бүгін олар бізге келіп кетті, үлкен ұлы мен тәтесі бар. Біз оларға кеңес бердік, енді олар құжат жинайды", - деді бөлімнің бас маманы Ләззат Есмұханова.

Бас маман қамқорлыққа алу процедурасының рәсімделуін түсіндіріп берді. Оның айтуынша, "неке және отбасы туралы" Кодекске сәйкес, орган қамқорлыққа беруді өтініш келіп түскеннен кейін 30 күннің ішінде рәсімдеуі тиіс. Алайда оның айтуынша, құжаттар жинала салысымен бұл бөлім рәсімдеу процесін жылдамдатады.

"Олар қамқорлыққа алу үшін қажетті барлық құжаттарды бізге алып келеді және біз әкімнің қаулысына сәйкес қамқорлыққа беруді бекітеміз, себебі олар Астана тұрғындары. Осыдан кейін балаларды олардың туыстары Солтүстік Қазақстан облысына біздің құжаттармен алып кетеді, біз оларды сол жаққа жібереміз. Олар сол жақта тіркеуге тұрып, жеңілдіктермен тағы да басқаларды алады. (...) Әйел адам көз жұмғаннан кейін 3 күннің ішінде мектеп бізге осы жөнінде хабарлады. Бірақ әпкесі құжаттарды әлі өткізген жоқ. Ең бастысы - алғашқы құжаттар бар және олар дайын деп айтуға болады. Туысқаны медициналық тексеруден өтуге кетті, егер құжаттарды келесі аптада әкелсе, біз әрине рәсімдеуді жылдамдатамыз. Себебі бұл бірегей жағдай", - деді Есмұханова.

Оның айтуынша, заңға сәйкес, тек кәмелет жасқа толғандардың ғана қамқорлыққа өте алатынына қарамастан өртелген мұғалімнің үлкен ұлы да СҚО-ға кетеді және ол тәтесіне өзінен кейінгі балаларды тәрбиелеуге көмектеседі. Олар барлығы бірге тұрады. "Ол тұрмыста, отбасы бар, дүниесі түгел адам. Туыстары жақсы, бүгін келіп кетті. Отбасы жақсы және біз балаларға да ол жақта жақсы болады деп ойлаймыз. Балалардың да барғысы келіп отыр. Үлкен ұлдың айтуынша, олар тәтелерін жақсы біледі, жақсы көреді. Бізге ол жақта жақсы болады дейді ол", - деді бас маман.

Оның айтуынша, қаза болған әйелден жылжымайтын мүлік қалған. "Ағасының айтуынша, ешқандай құжат қалмаған, оны әкелері жағып, лақтырып тастапты, олар білмейді. Құжаттарды қалыпқа келтіріп жатыр, бірақ біз мұрагерліктің балалардың атына жазылуын қадағалап, көмектесетін боламыз", - деді бас маман.

Еске сала кетейік, 26 мамырда Астанада №25 мектептің маңында ер адам мұғалімді өртеп жіберген болатын. Ер адамның аты-жөні анықталды - ол әйелдің күйеуі болып шықты. Соттың қаулысы бойынша, ол мұғалімге жақындамауы тиіс болған. Әйел адамның денесінің 70 пайызын күйік шалды. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтап жатыр. Ал таяуда зардап шеккен әйелдің қайтыс болғаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети