Астанада өртенген мұғалімге қатысты жаңа деректер пайда болды. Күдіктінің туған ағасының бұрынғы әйелі баласының өмірі үшін алаңдайды, - деп жазды "Экспресс-К"
Астанада өртенген мұғалімге қатысты жаңа деректер пайда болды. Күдіктінің туған ағасының бұрынғы әйелі баласының өмірі үшін алаңдайды, - деп жазды "Экспресс-К"
Мәдина Дәулетқұлова күдікті Қанат Сәдуовтың ағасы Марат Сәдуовпен некеде болған. 2014 жылы әйел келеңсіз жағдайға тап болады. Оның бұрынғы күйеуі соттың шешіміне қарамастан, ортақ ұлын Ақмола облысына әкетеді. Ақпарат құралдарына берген хабарламадан кейін бала табылып, анасына тапсырылған. Басылымның хабарлауынша, осы жылдың сәуірінде марат Сәдуов баланы қайта әкеткен.
Еске сала кетейік, 26 мамырда Астанада №25 мектептің маңында ер адам мұғалімді өртеп жіберген болатын. Ер адамның аты-жөні анықталды - ол әйелдің күйеуі болып шықты. Соттың қаулысы бойынша ол мұғалімге жақындамауы тиіс болған. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, әйел адамның денесінің 60 пайызын күйік шалды. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтап жатыр. Ал таяуда зардап шеккен әйелдің қайтыс болғаны белгілі болды.