27 мамыр 2015 | 12:36

Астанада өртенген мұғалімнің жағдайы жайлы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павел Кутняков. ©Tengrinews.kz Павел Кутняков. ©Tengrinews.kz

Таяуда күйеуінің қолынан өртеніп кете жаздаған мұғалімнің жағдайы жайлы Tengrinews.kz тілшісіне Астананың №1 ауруханасының бөлім меңгерушісі Павел Кутняков айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Таяуда күйеуінің қолынан өртеніп кете жаздаған мұғалімнің жағдайы жайлы Tengrinews.kz тілшісіне Астананың №1 ауруханасының бөлім меңгерушісі Павел Кутняков айтып берді.

"Науқасты 26 мамырда жедел жәрдем көлігі оқиға орнынан ауруханаға жеткізді. Беті, мойны, денесі, аяғы мен қолдарын күйік шалған (денесінің 70 пайызын күйік шалған). Күйік шалу деңгейі аса ауыр. Жағдайы тұрақты ауыр. Науқас кешенді ем қабылдап жатыр - талдырма терапия, инфузиялық және жара орнын емдеу", - деді дәрігер. 

Оның айтуынша, қандай да бір болжам айтуға әзірше ерте. "Қазіргі уақытта айту ерте, себебі жағдайы ауыр. Жағымсыз динамика жоқ, науқастың жағдайы тұрақты", - деді Кутняков.

"Күйік шалу - ұзақ уақытқа созылатын ауру, сондықтан жазылып кетуіне қатысты қандай да бір уақытша кесте құрылмайды. Барлығы да әрбір жеке ағзаға байланысты", - деді дәрігер.

Еске салайық, 26 мамырда, таңғы сағат 10 шамасында бұрынғы күйеуі мұғалім болып жұмыс істейтін әйелдің үстіне бензин шашып, өртеген болатын. ІІД баспасөз өкілдерінің мәліметінше, күдікті "үй жанжалқоры" категориясы бойынша есепте тұр. Бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктіні ұстау үшін шаралар жүргізіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети