1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Астанада өртеніп жатқан пәтерден баланы алып шыққан жігіт марапатталды 24 сәуір 2021, 10:40

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаевқа көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтып, марапаттады.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі © Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаевқа көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтып, марапаттады. Жігіт өртеніп жатқан пәтерден бала құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сіз біздің заманымыздың нағыз ержүрек батырысыз. Сіздің ерлігіңіз құрметке лайық. Өйткені әркім өз өмірін қатерге тігіп, өзге адамның өмірін сақтап қала алмайды", - деді Ильин.

Ақылбектің сөзінше, ол өзін батыр санамайды. "Менің орнымда кез-келген адам осындай қадамға барар еді" дейді.

Өрт 23 сәуірде күндіз сағат екілерде Петров көшесі, 5 мекенжайындағы үйден шықты. Бала үйде жалғыз болған. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін баланың айғайлап, көмек сұрап жылағанын естіген Ақылбек оны құтқаруға кіріскен.

Үйдің 5-қабатына жылдам көтеріліп, темір есіктің ар жағында баланың жылап жатқанын естиді, бірақ есік ашылмайды. Ақылбек ойланбастан 4-қабатқа түсіп, көршілерінен терезеге өтуді өтінген. Терезеден шығып, баламен сөйлесе бастайды. Өртсөндірушілерді күте аласың ба деп сұраған, ол түтіннен тұншыға бастағанын айтқан. Сөйтіп, Ақылбек баланы қолына секіруге көндіреді. 

"Мен өзім туралы мүлдем ойламадым, тек баланы құтқаруды ойладым", - дейді ол.

Ақылбек Қыпшақбаев - 1987 жылғы Шымкент қаласының тумасы, үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Юрий Ильин Ақылбек Қыпшақбаевқа "Өрттегі ерлігі үшін" төсбелгісін табыстап, отбасына бақыт пен амандық тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!