27 маусым 2017 16:43

Астанада өзенде "қолтырауын" жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/ruslan.yeskendir © facebook.com/ruslan.yeskendir

Есіл өзенінде жүзіп жүрген "қолтырауынның" суретін куәгерлер Facebook желісінде жариялады. Осындай ерекше муляждың иесі "қолтырауынның" қалай пайда болғаны туралы айтып берді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Есіл өзенінде жүзіп жүрген "қолтырауынның" суретін куәгерлер Facebook желісінде жариялады. Осындай ерекше муляждың иесі "қолтырауынның" қалай пайда болғаны туралы айтып берді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астанадағы өзенде ерекше нысанның пайда болғанына көп болған жоқ. Ұйымдастырушылар осылайша тұрғындар мен қала қонақтарын таңғалдырайын деген. 

"Біз кеше кешкісін оны орнатқанымызда, жұрт таңғалып, суретке түсірді. Оны жіберген кезде ол жағалау маңында жүзіп жүрді. Кейбіреулері қорқып, оны тірі екен деп ойлаған, бірақ қатты жақындаған кезде оның небәрі ойыншық екенін аңғаруға болады. Балалар қатты қуанды", - дейді жоба авторларының бірі, жас кәсіпкер Жанболат Маратов. 

Достарымен ол жағалау маңында катамарандарды жалға беру және басқа да көңіл көтеру істерін ұйымдастырған, оның ішінде осы "қолтырауын" да бар. 

 

Елордалық қолтырауынның ұзындығы 180 сантиметр, ені қолдарымен бірге 80 сантиметр. Оның ішіне алыстан басқару құрылғысы орнатылған. 

"Біз оны жергілікті шеберден тапсырыс беріп алдырды. Бір жарым ай күттік. Біз балаларға мәдени "әзіл қорқыныш" сыйлайын дедік", - дейді Жанболат Маратов. 


© Facebook/Руслан Ескендір 

"Қолтырауын" катамарандарды тебуге арналған аймақта жүзеді. "Катерлер мен теплоходтар жүзетін аймаққа жіберілмейді, себебі ол кедергі келтіріп не моторға ілініп кетуі мүмкін. Өз аумағында жүзіп, ол келушілерді қуантады", - дейді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети