21 ақпан 2017 | 11:51

Астанада пәтерлердің 4 пайызы ғана заңды түрде жалға беріледі - әкімдік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада пәтерлердің 4 пайызы ғана заңды түрде жалға беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада пәтерлердің 4 пайызы ғана заңды түрде жалға беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР Бас прокуратурасы мен Астана қаласының әкімдігі "Елордадағы қауіпсіздік және жайлылық" жобасын жүзеге асыруға бағытталған жоспарды бекітті. Жобаны жүзеге асыру барысында Астанада ресми түрде 289 пәтердің есепте тұрғаны анықталды. Ал заңды түрде жалға беріліп жатқан пәтерлердің саны - 9,3 мың.

"Алайда, сарапшыладың айтуынша, ресми мәліметтер нақты сандармен сәйкес келмейді. Елордада кем дегенде барлық тұрғын үйдің 10 пайызы жалға беріледі. Бұл шамамен 400 миллион теңге деген сөз", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Осыған байланысты әкімдік осы проблеманы шешу үшін жедел шараларды жүргізуді ұсынады. Бұл шараға ішкі істер органдарының қызметкерлері, мемлекеттік органдағылар және тұрғын үй инспекциясындағылар қатысады. Олардың басты мақсаты - салық төлеуден жалтарып, пәтерлерді заңсыз жалға берушілерді анықтау.

Еске сала кетейік, осыған дейін қала әкімі Әсет Исекешев астаналықтарды пәтерлерін заңды жолмен жалға беруге шақырған болатын. Әсет Исекешевтің айтуынша, қазіргі кезде жалға берілетін пәтерлердің мәлімет базасы жасалып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети