16 ақпан 2017 13:09

Исекешев астаналықтарды пәтерлерін заңды жолмен жалға беруге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімі Әсет Исекешев қала тұрғындарын пәтерлерді заңды түрде жалға беруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана әкімі Әсет Исекешев қала тұрғындарын пәтерлерді заңды түрде жалға беруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің халыққа есеп беру кездесуінде пәтерді заңсыз жалға берушілермен мәселе қалай шешіліп жатқаны туралы сұрақ қойылды. Әсет Исекешевтің айтуынша, қазіргі кезде жалға берілетін пәтерлердің мәлімет базасы жасалып жатыр.

"Қаланы EXPO-ға дайындап жатқанда тұрғындар да бұдан пайда көргісі келетінін білемін. Пәтерлер, бөлмелерді жалға береді. Қазір біз мәліметтер базасын дайындап жатырмыз. Өйткені аймақтардан адам көп келеді. Олар қонақүйде емес, пәтерлерде тұрғысы келеді. Сондықтан осындай тізім жасап жатырмыз", - деп жауап берді әкім.

Сонымен бірге, әкім тұрғындардың пәтерлерді заңды түрде жалға бергісі келмейтінін айтады. Осыған байланысты қала басшысы адамдарды ештеңеден қорықпай, заңды жұмыс істеуге шақырды.

"Көптеген адамдар салық төлегісі келмей, заңсыз жалға береді. Салық инспекторлары оларды тіркеуге алып жатыр. Ол жерде салық та өте төмен, жылына үш пайыз ғана. Сондықтан тұрғындарға айтатыным - пәтерді заңды түрде жалға беруден еш қорықпаңыздар. Біз туристерді тарту үшін мәлімет базасын құрамыз. Бұл мәселе бізге түсінікті. Мемлекеттік кіріс департаменті мұнымен айналысып жатыр", - деді әкім. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети