Бүгін Астанада Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Астанада Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Астана қаласының № 2 сотында Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаев және оның ұлы Әсет Матаевтың ісіне қатысты сот тыңдауы өтеді.
Сот отырысы ашық түрде өтуде. Бұл процеске БАҚ өкілдері қатысып жатыр. Журналистерге бөлек бөлме ұйымдастырылған, олар отырыс барысын экраннан көретін болады.
Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевтың мүддесін екі қорғаушы қорғауда. Олар Мадина Бакиева және Андрей Петров. Сейітқазы Матаев сот отырысына өзімен бірге танометр алып келген, ол сот алдында өзінің артериалды қан қысымын тексерді. Алматыдан Астанаға келген уақытта Сейітқазы Матаевтың қан қысымы жоғарылап кеткен болатын.
Сейітқазы Матаев ҚР ҚК-нің 190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы және 245-бабы, 3-бөлімі бойынша, сондай-ақ ҚР ҚК-нің (16.07.1997 жылғы редакция) 177-бабының 4-бөлімінің "б" тармағы бойынша айыпталуда. Астананың аудандық сотына Сейітқазы Матаевтың ұлы - Әсеттің де ісі жіберілген, оған ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша айып тағылған.
Прокуратура Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының оған қатысты үй қамауына алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішін қағанаттандырды. Адвокат Андрей Петров Матаевтың туыстарының кепілақының қажетті сомасын төлегенін және сондықтан тараптың Ұлттық бюроның өтінішін қабылдамай тастап, кепілмен босатуды сұрайтынын атап өтті. Алайда сот үй қамауына алу туралы шешім шығарды.
Айта кетейік, 26 шілдеде Сейітқазы Матаевты қолдау комитеті брифинг ұйымдастырған болатын. Комитет өкілдерінің айтуынша Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы үй қамауында отыру мерзімі аяқталғанына байланысты, заңсыз отырғанын хабарлаған. Сондай-ақ брифинг барысында, істі Астана қалалық сотына жіберу де заңсыз, себебі сот Алматы қаласының Медеу ауданында өтуі тиіс.