22 ақпан 2016 12:02

Алматыда Сейітқазы Матаев ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сейітқазы Матаев. © Tengrinews.kz Сейітқазы Матаев. © Tengrinews.kz

Алматыда Қазақстанның Журналистер одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаевқа бюджет қаражатын жымқырды деген күдік келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментіне сілтеме жасап.


Алматыда Қазақстанның Журналистер одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаевқа бюджет қаражатын жымқырды деген күдік келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментіне сілтеме жасап.

Ол мемлекеттік тапсырыстарды орындау барысында ақша жымқырды деген күдікке ілінді. "Алматы қаласы бойынша антикоррупциялық қызмет 2011-2015 жылдар аралығында Ақпараттандыру жөніндегі комитет пен "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына мемлекеттік саясатты дамыту мен баспа басылымдарына материалдар жариялауға бөлінген 300 миллион теңгеден аса қаражаттың жымқырылған дерегін анықтады. Осы айтылған ведомстволар бұл мақсатта бір дереккөздің арқасында "ҚазТАГ ХАА" ЖШС-мен және "Ұлттық баспасөз клубы" Қоғамдық бірлестігімен келісімшарт жасасқан", - деліген хабарламада. Департаменттің мәліметінше, тапсырыс берушілердің басты шарты мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын халыққа жеткізу мен сол туралы мәліметтерді жалпы ашық мүмкіндік беру болған, алайда бұл талаптар орындалмаған.

"БАҚ-тарда ақылы түрде жариялауға берілген ақпараттар заңсыз түрде қоғамға жабық режимде жарияланған, оған деген мәліметті қосымша ақымен ғана алуға мүмкін болған. Ал Ақпараттандыру комитетіне аударылған 80 миллион теңге қаражат және "Қазақтелекомға" аударылған 260 миллион теңге қаражат қолма-қол ақшаға айналған және оларды Ұлттық баспасөз клубының басшысы Сейітқазы Матаев иемденген", - деп хабарлады Департаменттегілер.

Сонымен қатар, тергеу кезінде Матаевтың заңсыз кәсіпкерлікпен айналыса отырып, 1,4 миллиард теңге табыс тапқаны анықталды, бірақ ол 327 миллион теңге салық төлемеген. Сонымен бірге, осы мақсаттар үшін жергілікті атқару органдарына бөлінген 169 миллион теңге жымқырылғаны жайлы дерек тексеріліп жатыр. 

"Матаевтың жасаған коррупциялық және экономикалық қылмыстары ауыр болып саналады. Оған жымқыру және салық төлеуден жалтару деген күдіктер тағылып отыр", - делінген хабарламада. Осы қылмыстар үшін 6 жылдан 12 жылға дейін мүлкін тәркілей отырып, бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Департаменттің мәліметінше, Матаевтың мүлкіне келген шығынды өтеу үшін соттың санкциясымен тыйым салынды. "Матаевпен бірге қылмыстық істің өзге де қатысушыларымен қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану бойынша мәселе шешіліп жатыр. Баспасөз мәслихаттарында жасалған мәлімдемелері қылмыстық жауапкершіліктен жалтару және тергеудің әділ болуына кедергі болу мақсатында жасалған", - деп хабарлады ұлттық бюродағылар.

Сейітқазы Матаев пен ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев "ҚазТАГ ХАА" ЖШС мен Ұлттық баспасөз клубына қатысты басталған тергеуге байланысты пікір білдірді. "Біз заңды бұзбағанымызды және бюджеттен қаражат жымқырмағанымызды ашық мәлімдейміз. Ұлттық баспасөз клубы мемлекет саясатын БАҚ арқылы жариялап отыру бойынша тендерлерге қатысқан жоқ, ҚР Қаржы министрлігінің комитетінен оның есепшотына бюджет қаражаты аударылған жоқ. Шын мәнінде, ҚазТАГ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен келісімшарттарға отырған және алынған әрі мақсаты бойынша қолданылған қаражат туралы толық есеп берді", - делінген БАҚ-тарда таралған хабарламаларда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети