13 ақпан 2019 08:27

Астанада студенттер арасында кастинг жарияланды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана жастары" жастар ресурстық орталығы арнайы орта оқу орындарының студенттері арасынан таланттарды іздейді, - деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


"Астана жастары" жастар ресурстық орталығы арнайы орта оқу орындарының студенттері арасынан таланттарды іздейді, - деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

А35 жобасы елордада арнайы орта білім алатын жастарға арналған. "А" әрпі атауындағы "Астана" дегенді білдіреді, ал 35 - қаладағы колледждердің саны", - деп түсіндірді жобаның кураторы, "Астана жастары" КММ ұйымдастыру бөлімінің маманы Арайлым Сапарәлиева.

Жоғары оқу орындарының студенттері үшін А14 жобасы да бар.

Кастинг 16 және 17 ақпанда сағат 11:00-де "Жастар" сарайында өтеді. Барлық 35 арнаулы орта оқу орнының студенттері шақырылды. Оларды кастингте "ситуациялық кейс-тапсырмалар" күтіп тұр. "Біз командаға жетекші, дизайнерлер мен сценаристерді жинауды жоспарлап отырмыз. Ең белсенді студенттер көктемде өткізуді жоспарлап отырған А14 және А35 студенттері арасындағы сұлулық байқауы, сондай-ақ дебаттар, қала студенттерінің футбол лигасы, КВН лигасы және т.б. жобаларды жүзеге асыруға атсалысады", - деді жоба жетекшісі.

Арайлым Сапарәлиеваның айтуынша, бұл жұмыс еріктілік болады. Жобада қамтылған студенттер идеялары мен жобаларын "Астана жастары" қолдауымен іске асырмақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети