08 маусым 2018 11:17

Астанада тағы дауыл тұрады. Қалай сақтану керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Астанда ауа райының бұзылуына байланысты қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанда ауа райының бұзылуына байланысты қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"8 маусымда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай көшпелі жел соғады, екпіні 15-20 м/с, уақыт өте 23 м/с күшейеді. Таңертең және күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ жаууы мүмкін", - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында. 

Осыған байланысты Астана Төтенше жағдайлар департаменті елорданың тұрғындары мен қонақтарына ескеру жасап, сақтандырды:

- мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

- егер дауыл ғимаратқа дейін соқса терезеден алыстау кетіп, қауіпсіз жерге, дәлізге, бекем орнатылған шкафтың қасына барып тұрыңыз. Электроэнергияны ток көзінен ажыратып, газ желісіндегі құбырды жабыңыз. Шаңды дауыл кезінде бетіңізді дәкемен, орамалмен, мата қиындысымен бүркемелеп алыңыз, ал көзіңізге көзілдірік таққан дұрыс.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети