06 сәуір 2015 09:36

Астанада Ұлы Отан соғысының 26 ардагерінің пәтері жөндеуден өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша, Ұлы Отан соығысы ардагерлерінің 84 пәтері тексеріліп, құрылыс компаниялары 34 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала сайтына сілтеме жасап.

"Қазіргі кезде 8 пәтерде жөнделіп бітті, 16 пәтер аяқталуға жақын, 10 пәтерде жөндеу жұмыстары жазда қолға алынатын болады", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, демеушілер есебінен 50 пәтер жөнделеді, соның ішінде 40 үйде жөндеу жұмыстарының көлемі анықталып, шығындар сметасы жасалды. Тиісті жұмыстар ардагерлердің қалауы және келісімі бойынша жаз мезгілінде жүргізілетін болады.

Еске сала кетейік, Астана әкімдігі Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін миллионер қылуға уәде бергенін хабарланған еді. Жергілікті бюджет есебінен ҰОС Жеңістің 70 жылдығына орай қала әкімдігі елордада тұрып жатқан әр ардагерге 1 миллион 100 мың теңгеден төлемақы береді, одан өзге жергілікті бюджеттен ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне 100 мың теңгеден төленетіні белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети