Астанада үсік жүріп, Алматыда найзағай ойнайды: 20-22 мамырға арналған болжам

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада үсік жүріп, Алматыда найзағай ойнайды: 20-22 мамырға арналған болжам Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 20, 21 және 22 мамырда ауа райы қандай болатынын боолжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 20, 21 және 22 мамырда ауа райы қандай болатынын боолжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

20 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, түнде 2-7, күндіз 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус, күндіз +25...+27 градус.

21 мамырда күн құбылмалы болады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +15...+17 градус.

22 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус, топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, күндіз +15...+17 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

20 мамырда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +21...+23 градус.

21 мамырда күн құбылмалы болады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +25...+27 градус.

22 мамырда күн құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 3-8, екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +20..+22 градус.

Қазақстанда нөсер жауады

Синоптиктер бірқатар өңірде қатты жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ және дауылды жел болатынын ескертті. 21 мамырда Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашын күтіледі. 20–21 мамырда солтүстік циклон әсерінен елдің солтүстігі мен шығысында күн күркіреп, бұршақ жауады және дауыл тұрады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.09   548.38   6.61 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер