Қазақстанда нөсер жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда нөсер жауады Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 19, 20 және 21 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазгидромет" синоптиктері 19, 20 және 21 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда нөсер жаңбыр жауады?

Синоптиктердің болжамына сәйкес, кезең басында Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жылы әрі ашық ауа райы сақталады. Ал батыс және оңтүстік облыстар оңтүстік циклонның ықпалында болып, салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

19, 21 мамырда Қызылорда, Түркістан облыстарында, 19-21 мамырда Жамбыл облысында нөсер жаңбыр күтіледі. 20-21 мамырда солтүстік циклонның әсерінен Қазақстанның солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.

Температура көрсеткіштері қандай болмақ?

Кезеңнің басында Қазақстанда температуралық фон айтарлықтай өзгермейді, ауа температурасы елдің батысы мен оңтүстігінде 27-35 градусқа дейін, шығысында 20-28 градусқа дейін көтеріледі.

Дегенмен, 21 мамырда күндіз Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 10-18 градусқа дейін, елдің орталығында 15-23 градус жылылыққа дейін төмендейді деп болжанған.

Қазақстанда 2026 жылдың жазы қандай болады?

Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы 2026 жылғы жазға арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын. Олардың мәліметінше, аптап ыстық кезеңдермен қатар өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп күтіледі. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 469.92   546.77   6.43 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер