07 шілде 2016 | 17:52

Астанада үйін жарып жібергісі келген ер адам соттың шешімін орындаудан бас тартып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астанада үйін жарып жібергісі келген Әділбек Мейрамов үйін босатудан бас тартып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қалалық тұрғын үй басқармасындағылар хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада үйін жарып жібергісі келген Әділбек Мейрамов үйін босатудан бас тартып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қалалық тұрғын үй басқармасындағылар хабарлады.

"Қазіргі уақытта Әділбек Мейрамов соттың шешімі мен сот орындаушылардың талабын орындаудан үзілді-кесілді бас тартып отыр. Ал үйінен мәжбүрлеп шығарайын дегенде ол ақпарат құралдары мен телекамералардың алдында өзін-өзі өлтіремін деп қорқытты. Сондай-ақ, үйді жанұясымен бірге жарып жіберетінін айтып, мемлекеттік билік органдарының беделін түсірді", - деді басқарма басшысы Руслан Ахметов.

Оның айтуынша, әкімдіктегілердің тарапынан Әділбек Мейрамовтың үш кішкентай баласының болуына байланысты мынандай көмектер ұсынылды: жылжымайтын мүлік нарығында иеленуге болатын жер учаскелерінің қолжетімді нұсқалары (Ильинка ауылы, Новоалександровка ауылы, Қосшы ауылындағы учаскелердің бағасы 2 100 00 теңгеге дейін), сондай-ақ үй салу үшін және құрылыс орнына техниканы жеткізу үшін екінші нарықтағы құрылыс материалдары да ұсынылды.

"Бастапқыда Әділбек Мейрамов бұл көмекке қарсы болмаған еді. Алайда, бұл іске қоғамдық ұйымдардың белсенділері араласқаннан кейін ол пәтер талап ете бастады", - деді әкімдіктегілер.

"Соттың шығарған шешімі заңды күшіне енуіне байланысты Астана қаласы, Иманов көшесі, 20/4 мекен-жайындағы құрылысы бар жер учаскесі мүліктен мәжбүрлі түрде айыруға жатады, ал иелері жалпы сомасы 34 139 618 теңге көлемінде өтемақы алуы тиіс: Мейрамов Құдайберген Шарипұлы, Мейрамов Асылбек Құдайбергенұлы, Мейрамов Алтынбек Құдайбергенұлы, Құдайберген Қуанышбекке 17 556 990 теңге көлемінде өтемақы;  Мейрамов Әділбек Тұрлыбекұлына, Мейрамов Әскербек Тұрлыбекұлына, Мейрамова Майра Тұрлыбекқызына, Мейрамова Асма Тұрыбекқызына, Мейрамова Анель Тұрлыбекқызына 16 582 628 теңге көлемінде ақшалай өтемақы берілді, - деп мәлімдеген еді "Қалалық жылжымайтын мүлік" МҚК директорының орынбасары Лариса Бабийчук.

Осыған дейін ер адамның өз үйін жарамын деп қорқытқаны белгілі болған еді. Кейін әкімдіктегілер мәселеге қатысты түсінік берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети