10 шілде 2023 09:12

Астанада "Яндекс" курьерлері ереуілге шықты

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіден алынған видео Әлеуметтік желіден алынған видео

9 шілде күні кешке Астанада "Яндекс" компаниясының курьерлері ереуілге шықты. Оқиға видеосын қала тұрғындары әлеуметтік желіде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


9 шілде күні кешке Астанада "Яндекс" компаниясының курьерлері ереуілге шықты. Оқиға видеосын қала тұрғындары әлеуметтік желіде жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кадрда он шақты мопед жүргізушісінің көшеге жиналып жатқанын байқауға болады. Полиция қызметкерлері ереуіл болған жерге барды.

Астана полиция департаменті жол қозғалысына кедергі келтірген "Яндекс" курьерлері жауапқа тартылғанын хабарлады.

"9 шілде күні сағат 21:00 шамасында ЭКСПО аумағында жұмыстарына көңілдері толмайтын "Яндекс" курьерлері жиналды. Кейін жастар мопедтерімен Қабанбай батыр даңғылының бойындағы "Қазақстан Күні" монументіне қарай бет алды.

Олар жол қозғалысына үлкен кедергі жасап, мән-жайды анықтау үшін полиция қызметкерлері оларды тоқтатты. Қосымша тергеу үшін олар Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Істі қараудан кейін наразылық білдірушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабының 1-бөлігі (Жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді елорда жол полиция қызметкерлері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети